Ақтауда әйелін ұрған ер адам 25 тәулікке қамалды

Ақтауда әйелін ұрған ер адам 25 тәулікке қамалды
ашық дереккөз

Ақтауда отбасылық жанжал кезінде жұбайына күш қолданған ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақтау қалалық сотының 2026 жылғы 13 шілдедегі үкімімен азамат «У» ҚР Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 25 тәулікке қамаққа алу жазасына сотталды.

Сотта анықталғандай, ер адам алкогольдік масаң күйде отбасылық жанжал кезінде жұбайының басынан ұрып, оған физикалық күш қолданған.

Сотталушы өз кінәсін мойындаған. Алайда бұл оны қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болмады.

Ақтау қаласының прокуратурасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке немесе отбасылық мәселе емес екенін еске салды. Мұндай әрекеттер үшін заңда қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Прокуратура азаматтарды дау-жанжалды күш қолданбай, заң аясында шешуге шақырды.