Freedom Inside '26

Алматыда интернет-алаяқтар зейнеткерлердің үйін сатқызып, ақшасын иемденген

Алматыда интернет-алаяқтар зейнеткерлердің үйін сатқызып, ақшасын иемденген
egemen.kz

Алматыда зейнеткерлерді 1,5 млрд теңгеден астам қаржыға алдаған интернет-алаяқтар тобының қызметі тоқтатылды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Тергеу мәліметінше, қылмыскерлер өздерін құқық қорғау органдары мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген. Олар жәбірленушілерді тұрғын үйін сатуға және қаражаттарын өздері бақылауда ұстаған шоттарға аударуға көндірген.

Прокуратураның дерегіне сәйкес, келтірілген шығын көлемі 1,5 млрд теңгеден асқан.

Тергеу барысында қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен оған қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.