Өзбекстанда алимент төлемей жүрген ер адам тандырдың ішіне тығылып қалған, деп хабарлайды ult.kz.
Өзбекстанда алимент бойынша қомақты қарызы бар ер адам құқық қорғау органдарынан жасырыну үшін тандырдың ішіне кіріп кеткен. Алайда оны іздеп келген қызметкерлер тандырды тексеру барысында тауып алған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кең тарады.
Мәліметтерге сәйкес, ер адам ұзақ уақыт бойы алимент төлемей, іздеуде жүрген. Оны ұстауға келген мамандар үйді тексеру кезінде тандырдың ішінен жасырынып отырғанын анықтаған. Кейін борышкер тиісті тәртіппен ұсталып, жауапқа тартылған.
Желі қолданушылары бұл жағдайды қызу талқылап, кейбірі әзілге айналдырса, енді бірі алимент төлеуден жалтарған азаматтардың жауапкершілігін күшейту қажет екенін жазуда.