Актриса әрі блогер Айым Сейітметова ажырасу процесі жүріп жатқан уақытта әлеуметтік желідегі парақшасында ер азаматтың жауапкершілігі туралы ой қозғаған жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Айым Сейітметованың айтуынша, ер адамның басты қасиеттерінің бірі – өз шешімі, сөзі мен іс-әрекеті үшін жауапкершілік ала білу.
«Ер адамның басты қасиеттерінің бірі - жауапкершілікті өз мойнына алу. Өз шешімі, сөзі мен әрекеті үшін жауап беру. Кінәліні өзгеден іздемей, өз ісінің салдарын басқаға жүктемеу маңызды. Себебін өзгеден емес, ең алдымен өзіңнен іздей білу керек», - деп жазды ол.
Сондай-ақ ол жауапкершіліктен қашып, өзін ақтауға тырысатын ер азаматтардың әрекеті құрмет тудырмайтынын айтты.
«Дәл осындай ер адамдар құрметке лайық. Ал есейген адам жауапкершіліктің орнына ақталуды таңдап, өз кінәсін өзгеге арта бастаса - бұл ер азаматқа тән қылық емес. Сондықтан, әсіресе ұл тәрбиелеп отырған аналарға айтарым: балаларды кішкентайынан өз әрекетіне жауап беруге үйретіңіздер. Сонда ғана олар әрдайым өзгелерді кінәлайтын “ересек бала” емес, арқа сүйеуге болатын азамат болып өседі», - деді актриса.
Айта кетейік, соңғы уақытта Айым Сейітметова мен жұбайы арасындағы ажырасу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Актрисаның бұл жазбасы да көпшілік тарапынан жеке өміріндегі жағдаймен байланысты қабылданып, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.