Беларусьтің Сморгонь қаласы маңында 8 жастағы баланың абайсыз әрекетінен ірі өрт шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала бірнеше құрдасымен бірге далаға барып, шөпке сіріңке жаққан. От тұтанғаннан кейін оны өздігінен сөндіруге әрекет жасаған. Алайда жалынды тоқтата алмаған соң, оқиға орнынан қашып кеткен.
Өрт салдарынан жалпы көлемі 450 тонна болатын шөп толықтай жанып кеткен.
Алдын ала есеп бойынша, келтірілген материалдық шығын 22–36 мың Беларусь рублінқұрайды.
Оқиғаға байланысты жауапкершілік мәселесі қарастырылып жатыр. Келтірілген шығынды баланың ата-анасы өтеуі мүмкін. Сонымен қатар отбасыға қатысты заңнамаға сәйкес шара қолданылуы ықтимал.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.