67 жастағы әйелдің ұзату тойынан видео тарады (ВИДЕО)

67 жастағы әйелдің ұзату тойынан видео тарады (ВИДЕО)
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде 67 жастағы анасының қайтадан бақытын тауып, тұрмыс құруына қолдау білдірген қазақстандық азаматтың әрекеті көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды ult.kz.

Әсерлі сәттің видеосын кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шәкерхан әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Оның айтуынша, 67 жастағы әйел өмірлік серігін жасы ұлғайған шағында жолықтырған. Күйеу жігіттің де жасы қалыңдықпен шамалас.

Желіде тараған видеода қалыңдықты бір жағынан болашақ жары, екінші жағынан немересі қолтықтап, той залына бастап келе жатқанын көруге болады. Қонақтар жас жұбайларды зор ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсеткен.

Салтанатты кеште күйеу жігіт сүйіктісіне деген сезімін жасырмай, оған өмірінің соңына дейін бірге болуға уәде берді.

«Олечка, мен сені шексіз жақсы көремін. Қалған ғұмырымды тек сенімен бірге өткізгім келеді», – деді ол.

Бұл видео әлеуметтік желіде кеңінен тарап, мыңдаған пікір жинады. Көпшілік кез келген жаста адамның бақытты болуға құқығы бар екенін айтып, жас жұбайларға ақ тілектерін жолдады. Сондай-ақ қолданушылар анасының таңдауын құрметтеп, оның жаңа өмір бастауына қолдау көрсеткен ұлдың әрекетін үлгі етіп, жоғары бағалады.