400 мың теңге пара алған инспектор 12 млн теңге айыппұл арқалады

400 мың теңге пара алған инспектор 12 млн теңге айыппұл арқалады
Polisia.kz

Павлодарда пробация қызметінің бұрынғы инспекторы сотталған азаматтан 400 мың теңге пара алғаны үшін 12 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды ult.kz.

Сот материалдарына сәйкес, алаяқтық үшін бас бостандығын шектеу жазасына кесілген азамат екі рет жол ережесін бұзған. Ал оның тәртібін бақылауға міндетті 39 жастағы инспектор бұл заңбұзушылықтарды жасыру үшін ақша талап еткен.

Экс-қызметкер сотталған азаматтың құқық бұзушылықтары туралы шара қолданбауға және жазасының өтелмеген бөлігін түрмеге қамаумен ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізбеуге уәде берген.

Ол келісілген 400 мың теңгені алған сәтте ұсталды.

Сотта кінәсін мойындаған бұрынғы инспектор бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұраған. Сот оған 12 млн теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды.