Павлодарда мектеп оқушыларына қатысты зорлық дерегі бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ult.kz.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, оқиға туралы хабар құқық қорғау органдарына білім беру мекемесінен түскен.
Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Полиция тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жарияламады.