Freedom Inside '26

40 жастағы ер адам 13 жастағы қызға зорлық көрсеткен

40 жастағы ер адам 13 жастағы қызға зорлық көрсеткен
Фото: freepik

Солтүстік Қазақстан облысында 13 жастағы қызға қатысты ауыр қылмыс жасалды деген ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға 1 шілде күні Айыртау ауданында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, кешкі уақытта дүкеннен шыққан 13 жастағы қызды көрші ауылдың шамамен 40 жастағы тұрғыны мотоциклмен келіп, серуендеуге шақырған. Осыдан кейін жасөспірімнің үйіне оралмағаны хабарланған.

Тараған ақпаратқа сәйкес, қызды туыстары мен ауыл тұрғындары түні бойы іздеп, келесі күні таңертең елді мекеннен тыс жерден тапқан. Әлеуметтік желілерде оған қатысты зорлық-зомбылық жасалған болуы мүмкін деген мәлімет жарияланды.

Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.