337 млн теңге тапқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы жеңіл жазамен құтылған

337 млн теңге тапқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы жеңіл жазамен құтылған
© Sputnik / Абзал Калиев

Астанада 6,2 мыңнан астам адамды қамтыған қаржы пирамидасын ұйымдастырған елорда тұрғынына қатысты сот үкімі қайта қаралатын болды, деп хабарлайды ult.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, ер адам 2023-2025 жылдар аралығында қаржы пирамидасын ұйымдастырып, заңсыз қызметтен 337 млн теңге табыс тапқан. Схемаға 6,2 мыңнан астам адам тартылған.

Алғашқы сот шешімімен айыпталушы мүлкі тәркіленбестен, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған.

Алайда Бас прокуратура бұл жазаны тым жеңіл деп бағалап, сот шешіміне наразылық білдірді.

Прокурордың кассациялық наразылығын қараған сот сот актілерінің күшін жойып, қылмыстық істі жаңа сот талқылауына жіберді.

Осылайша, 337 млн теңге көлемінде табыс тапқан қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына қатысты жаза қайта қаралатын болды.