Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әкімшілік қамау мерзімін өтеп, бостандыққа шықты. Ол арнайы қабылдау орнынан шыққаннан кейін журналистерге қысқаша пікір білдіріп, болған оқиғаға өкінетінін айтты, деп хабарлайды ult.kz.
«Бұл оқиғаға қатысты айтарым – болған нәрсе болды, оны өздеріңіз де көрдіңіздер. Осы жағдайға қатты өкінемін», – деді спортшы.
Боксшыны қамаудан шыққан сәтте жұбайы Алина мен жақын достары күтіп алды.
Еске салайық, бұған дейін Астанада Данияр Елеусіновтің мас күйінде көлік жүргізгені анықталған болатын. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған еді.
Оқиғадан кейін спортшы алғаш рет көпшілік алдына шығып, жасаған әрекетіне өкініш білдірді.