Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым Аманғалидың бала күнінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге көпшілік алдына шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды ult.kz.
Әлеуметтік желіде жас өнерпаз Айым Аманғалидың өміріндегі ерекше сәттерге арналған жазба жарияланды. Онда оның 2017 жылы Астанада өткен EXPO халықаралық көрмесінде Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескені айтылған.
Жарияланған суретте Айымның көк түсті сахналық киім киіп, сол кездегі мемлекет басшысының қолынан ұстап тұрғанын көруге болады. Жазба авторлары бұл оқиғаны өнерпаздың өміріндегі ең есте қаларлық сәттердің бірі ретінде сипаттаған.
“EXPO-2017 халықаралық көрмесінде Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздесіп, халық алдына қол ұстасып шыққан! Айымның өміріндегі есте қаларлық сәттердің бірі — EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен жүздесуі. Сол салтанатты шарада Айым Елбасының қолынан ұстап, көпшілік алдына шыққан”, – делінген жазбада.
Тұрсынбек Қабатов кім?
Тұрсынбек Қабатов — қазақстандық танымал әзілкеш, актер, тележүргізуші және продюсер. Ол 1979 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Өнер жолын КВН сахнасынан бастап, кейін жеке әзіл-сықақ бағдарламалары арқылы көпшілікке танылды.

Тұрсынбек Қабатов отбасылық қарым-қатынас, ерлі-зайыптылар арасындағы түсіністік, бала тәрбиесі және қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен жеткізуімен ерекшеленеді.

Ол “Әзіл әлемі” жобасы арқылы да кеңінен танылған. Әзілкештің жұбайы — Мөлдір Мұқан. Екеуінің бес баласы бар. Олардың қызы Айым Аманғали да өнерге жақын болып, жас кезінен сахналық іс-шараларға қатысқан.