Туыстарының мәліметіне қарағанда, 2022 жылы Ақбаян енесімен бірге тұруға байланысты туындаған келіспеушіліктерден кейін үш баласын ертіп, ата-анасының үйіне кетіп қалған, деп хабарлайды ult.kz.
Біраз уақыттан соң ерлі-зайыптылар ресми түрде ажырасып, кейін қайта табысқан.
2022 жылдың жазында Ақбаян Мұқанғалиева үш баласын ертіп, күйеуінен кетіп, ата-анасының үйіне барған. Анасы Нәсіп қызының Махамбет ауданында қайын жұртпен бірге тұрғанына қарсы болып, олардың Атырау қаласына көшіп, бөлек тұруын қалаған. Алайда Сәрсемәлиев бұл ұсыныспен келіспей, ата-анасын тастап кетпейтінін айтқан.
Ал 2024 жылы бесінші баласына жүкті кезінде Ақбаянның денсаулығы күрт нашарлаған. Дәрігерлер оған пневмоторакс диагнозын қойған. Ота жасалғаннан кейін жас ана шамамен 20 күн бойы комада жатқан.