2 қарашада ауа райы қандай болады?

2 қарашада ауа райы қандай болады?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ертең, 2 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Алайда солтүстік пен шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде +1…+3, күндіз +6…+8 градус жылы, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 5–10 м/с болады. Алматыда да жауын-шашын күтілмейді: түнде +2…+4, күндіз +14…+16 градус жылы. Шымкентте ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +20…+22 градусқа жетеді. 

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейіп, кей өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында түнгі температура −1…−8 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі ықтимал. 

Бірқатар өңірде құрғақ ауа райына байланысты өрт қаупі сақталады. Атырау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының кей аудандарында төтенше өрт қаупі болжанған. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Алматы және Түркістан облыстарының жекелеген аумақтарында да өрт қаупі жоғары болады.