Ақтөбеде мектеп оқушысын зорлаған 22 жастағы ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ult.kz.
Сотталған азамат - жәбірленушінің көршісі, отбасымен араласатын таныстарының ұлы. Ол қызды өлтіремін деп қорқытып, болған жайтты бір ай бойы жасыруға мәжбүрлеген.
Полицияға арыз берілгеннен кейін жәбірленуші интернетте де қудалауға ұшыраған. Соның салдарынан ол өзіне қол жұмсауға әрекеттенгені хабарланды. Қыздың туыстары блогерлердің біріне қатысты бөлек арыз түсірген.
Қазір жәбірленуші психологтің көмегін алып жүр. Оқиғадан кейін ол мектебін ауыстырып, кейін колледжге оқуға түскен.