1 қарашада Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде −1…−3, күндіз +10…+12 градус болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде секундына 3–8, күндіз 7–12 метрге жетеді, деп хабарлайды ult.kz.
Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +2…+4, күндіз +12…+14 градус болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте күн жылы әрі құрғақ болады: түнде +6…+8, күндіз +19…+21 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метрді құрайды.
«Қазгидромет» болжамынша, ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Дегенмен елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Алматы және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде 1–8 градус үсік болжанады. Сонымен қатар Қызылорда, Атырау облыстарында және Ақтөбе, Маңғыстау, Ұлытау мен Жетісу облыстарының бірқатар аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.