Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінен кейін қылмыстық іс тіркелді

Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінен кейін қылмыстық іс тіркелді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамдардың көп жиналуына байланысты бір қыз зардап шеккен. Қазір ол медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлайды ult.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, концертті ұйымдастырушылар полицияға жеткізілген. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция ұйымдастырушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.

Айта кетейік, Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертінде адамдар кептеліп, жарақат алған.