Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“17 жыл күттім ғой”: Жахан Отарғалиев жан тебірентерлік жазба жариялады

“17 жыл күттім ғой”: Жахан Отарғалиев жан тебірентерлік жазба жариялады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әзілкеш әрі блогер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде көпшіліктің көңілін босатқан бейнежазба жариялап, басынан өткен ауыр кезең туралы айтты, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі 17 жыл бойы әке атануды армандағанын жеткізді. Ұзақ күткен қуанышы орындалып, сәби сүйетіні туралы хабарды естігенімен, бұл бақыт небәрі екі айға ғана созылған.

«17 жыл күттім ғой мен», – деген әзілкеш көптен күткен үмітінің ақталмағанына қынжылысын білдірді.

Соған қарамастан Жахан Отарғалиев қиындыққа мойымайтынын, алдағы күндерден жақсылық күтетінін және Алладан үмітін үзбейтінін айтты.

Желіде жарияланған әсерлі бейнежазба көпшіліктің назарын аударды.

Айта кетейік, Мұхтар Ниязовтың жазбасы елді жылатты. 

Жахан Отарғалиев кім?

Жахан Отарғалиев – қазақстандық әзілкеш, актер, продюсер әрі блогер. Ол отандық ойын-сауық саласында танылып, әзіл-сықақ жобалары мен әлеуметтік желідегі бейнежазбалары арқылы көпшілікке белгілі болды.

Өнер иесі шығармашылық жолын әзіл саласынан бастап, кейін кино және продюсерлік бағытта да еңбек етті. Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде жеке өмірі, отбасы, шығармашылығы және қоғамдағы түрлі мәселелер туралы жазбалар жариялап тұрады.

Жахан Отарғалиев Орал қаласының тумасы. Ол Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде білім алған. Өнер жолында КВН ойнап, кейін “Базар жоқ” әзіл-сықақ театрында автор әрі сценарист болып жұмыс істеген.

Көрермен оны “Қазақша бизнес Түркияда”, “Джохан”, “Джохан 2” және “Жол” фильмдері арқылы да таниды. Ол бірнеше кинотуындының продюсері болған. 

Жеке өміріне келсек, Жахан Отарғалиев 2019 жылы әнші Балжан Бидашпен шаңырақ көтерген. Алайда 2023 жылы екеуі ажырасқан. 2025 жылы өнер иесі екінші рет үйленгенін жариялады. 

2026 жылы әзілкеш 17 жылдан бері әке атануды армандап жүргенін айтып, осы тақырыпты арқау еткен фильм түсіруді жоспарлағанын мәлімдеді.