10 млн теңгені заңсыз айналымға жіберген күдікті Ақтөбеде ұсталды

10 млн теңгені заңсыз айналымға жіберген күдікті Ақтөбеде ұсталды
Polisia.kz

Ақтөбеде полиция интернет-алаяқтардың қылмыстық кірісін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz жазуынша, тергеу мәліметінше, күдікті 18–25 жас аралығындағы жастардан банк карталарын 20–30 мың теңгеге сатып алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатып отырған. Бұл карталар алаяқтық жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылған.

Алдын ала есеп бойынша, аталған карталар арқылы шамамен 10 миллион теңге заңсыз айналымға жіберілген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасып жатыр.

Жыл басынан бері Ақтөбе облысында интернет-алаяқтыққа қатысы бар 60-тан астам дроппер анықталған. Полиция банк карталары мен шот деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырды.