27 қаң, 2026 сағат 11:47

Семейде учаскелік полицейдің көліктерін өртеген ер азам мұны не үшін жасағаны белгілі болды


Фото: egemen.kz
Семейде учаскелік полицейдің көліктерін өртеген ер азам мұны не үшін жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Абай облысының Полиция департаменті 2026 жылғы 25 қаңтарда «Юность» шағынауданындағы әкімшілік аумақты аралау барысында учаскелік полиция инспекторлары бұрын сотты болған, 66 жастағы жергілікті тұрғынды анықтағанын хабарлайды. Аталған азамат алкогольдік мас күйде болған, сырт келбеті ұқыпсыз, қоғамдық тәртіпті бұзып, агрессивті әрі адекватты емес мінез-құлық танытқан.

Ол учаскелік полиция пунктіне жеткізіліп, заңда белгіленген тәртіппен қоғамдық орында алкогольдік мас күйде жүргені үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Құжаттар рәсімделгеннен кейін ер адам туыстарына тапсырылып, босатылған.

Полиция қызметкерлерінің заңды әрекеттерімен келіспеген азамат кейіннен қасақана заңға қайшы әрекеттерге барып, учаскелік полиция инспекторларына тиесілі, учаскелік пункт маңында тұрған екі автокөлікті бензин құйып өртеген.

Өрт салдарынан көлік құралдарына ірі материалдық залал келтірілді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, жасаған әрекетін толық мойындады. Қазіргі уақытта оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қаралуда.
Тергеу қорытындысы бойынша оның әрекеттеріне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық баға берілетін болады", - делінген хабарламада.