Freedom Inside '26

Алматы хоккейінің түлегі ҰХЛ драфтында таңдалды

Алматы хоккейінің түлегі ҰХЛ драфтында таңдалды
QMJHL

Баффалода Ұлттық хоккей лигасы (ҰХЛ) драфтының екінші күні басталды. Алғашқы күні клубтар жалпы саны 32 ойыншыны таңдады, деп хабарлайды ult.kz shaiba.kz-ке сілтеме жасап.

«Нью-Йорк Рейнджерс» клубы жалпы 67-нөмірмен Алматы хоккейінің түлегі, қақпашы Данай Шайықовты өз қатарына қосты.

Өткен маусымда 19 жастағы қақпашы Квебектің негізгі жасөспірімдер хоккей лигасы аясында «Гатино Олимпикс» сапында тұрақты чемпионатта 50 матч өткізді. Оның тойтарылған соққылар көрсеткіші – 90,3%, ал сенімділік коэффициенті – 2,78 болды.

Сондай-ақ Данай Шайықов Қазақстан жастар құрамасы сапында халықаралық ПСК кубогы турниріне қатысты. Ол екі матч өткізіп, қарсыластардың соққыларының 91,4%-ын қайтарды. Сенімділік коэффициенті 3,07-ні құрады.

Еске салайық, биылғы ҰХЛ драфтының қорытынды рейтингінде қазақстандық үш хоккейші – Семён Симонов, Алишер Саркенов және Корней Корнеев бар.