Жетісу облысында Алматы–Өскемен тасжолында болған жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ult.kz.
Өңірлік Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 26 маусым күні кешкі уақытта Алматы–Өскемен тасжолының 432-шақырымында болған. Екі автокөлік соқтығысып, салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмған.
Сондай-ақ түрлі дене жарақатын алған тағы екі жолаушы медициналық мекемеге жеткізілген.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Осыған байланысты полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты жағдайға сай таңдауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға және рөлде барынша мұқият болуға шақырды.