Freedom Inside '26

Динара Сәтжан жолдасын қаралағандарға жауап берді

Динара Сәтжан жолдасын қаралағандарға жауап берді
Фото: әлеуметтік желі

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өзінің жолдасы, кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы әйелі жасаған бейнеүндеуден кейін әлеуметтік желіде алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл шулы оқиға кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жары Жанна Жанықұлованың мәлімдемесінен кейін өрбіді. Ол жиырма жыл бойы отасқан күйеуінің өзге әйелге кетіп қалғанын, өзінің бес баламен жалғыз қалғанын және қазіргі уақытта ортақ мүлікті бөлісуге қатысты сот талқылаулары жүріп жатқанын ашық айтқан болатын. Осыдан кейін желі қолданушылары арасында үлкен талқылау басталып, көп ұзамай бизнесменнің өзі де жағдайға байланысты пікір білдіріп, барлық мәселенің тек құқықтық өрісте, заң аясында шешіліп жатқанын жеткізді. Дегенмен, әлеуметтік желідегі сын-пікірлер мұнымен басылмай, жұртшылық кәсіпкердің қазіргі жары Динара Сәтжаннан да ресми жауап талап ете бастаған соң, тележүргізуші Instagram stories бөлімінде өз көзқарасын білдірді. Алайда бұл жауап көпшіліктің күмәнін толық сейілте қоймай, керісінше, виртуалды кеңістіктегі пікірталасты одан әрі өршітіп, желі қолданушыларын екі лагерьге бөлді және қазіргі уақытта бұл тақырып белсенді түрде талқылануын жалғастыруда.

Тележүргізуші Динара Сәтжан халықты асығыс шешім қабылдамауға шақырып, келесідей жазба жариялады:

«Қорытынды шығармас бұрын екінші тарапты да тыңдау керек. Оның да өз шындығы бар. Басқаның баласына қамқор болып, балаларға жатақхана салып берген адам өз баласына қарамай қояды деп қалай ойлайсыздар? Білмейтін дүниеге төрелік айтпаңыздар. Сыни ойлауды қосыңыздар».