Сараптама барысында үш жасардың қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған, деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша қыз құлау салдарынан өз құсығына тұншығып қалуы мүмкін.
"Алдын ала сараптамаға сәйкес, оған "құсу массасының механикалық асфиксиясы" деген диагноз қойылған. Яғни, қыз өз құсығына тұншығып көз жұмуы мүмкін. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар. Сараптама барысында қыздың денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар баспасөз қызметі кішкентай қыздың төрт жасқа толмағанын атап өтті.
"Бүгінде істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Істі тергеу Шымкент қаласы прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.
Қалған ақпарат ҚР қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына (сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу) сәйкес жарияланбайды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Шымкент қаласындағы ескі гараждардың бірінен кішкентай қыздың өлі денесі табылған еді. Куәгер қыз баланың іш киімі болмағанын, беті көгеріп кеткенін айтқан. Жергілікті полиция болған оқиғаны растаған.