16 сәу, 2019 сағат 10:57

Париждегі Құдай-Ана ғибадатханасынан шыққан алапат өрт сөндірілді (Видео)

Париждегі Құдай-Ана ғибадатханасынан шыққан алапат өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі Le Figaro басылымына сілтеме жасап.

«Өрт сөндірілді. Қазір ғимараттың қызып тұрған қабырғаларын салқындатуға күш салып жатырмыз, өрттің қайта тұтанбайтынына көз жеткіземіз», - делінген өрт сөндірушілердің хабарламасында.

Өрт сөндірушілерге сілтеме жасаған Le Parisien газетінің жазуынша, өрт тек «ішінара сөндірілген».

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде Франция астанасы Париждегі Нотр-Дам де Пари ғибадатханасы өртке оранған еді. Жылына 13-14 миллион адам кіретін тарихи ғимараттың төбесі мен мұнарасы өрт басталған бірнеше сағаттан соң құлады. Жапа шеккендер туралы дерек жоқ.

9 ғасыр Француз мәдениеті мен тарихының символы саналып келген шіркеуде өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Өртті сөндіруге жүздеген өрт сөндіруші күш салған.