Париж қаласындағы Құдай-Ана ғибадатханасы өртке оранды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Оқыс оқиғаға куә болғандардың Twitter парақшасына және Youtube әлеуметтік желісіне жариялаған фотолары мен бейне жазбаларынан шіркеудегі өрттің ауқымын байқауға болады.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта тілсіз жаумен тынымсыз күрес жүріп жатыр. Француз астанасының басты символдарының бірі саналатын Париж орталығындағы католиктік шіркеудің аумағын жауапты қызметтер қоршауға алған.