ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкіміне Леңгердегі көппәтерлі тұрғын үй мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.
«Премьер-министр мен Түркістан облысының әкіміне Леңгердегі көппәтерлі тұрғын үйдің өткір мәселесін шұғыл түрде шешуді тапсырдым», - делінген жазбада.