31 шіл, 2018 сағат 09:51

Қазавиақұтқару тікұшағы Қырғызстандағы туристерге көмекке аттанды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тікұшақпен туристерге көмекке аттанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«6.58-де Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қазавиақұтқару тікұшағымен Қырғызстан Республикасындағы Скрябин мұздығы ауданына ұшып кетті. Алдын ала ақпарат бойынша, мұнда кеше теңіз деңгейінен 4100 метр биіктікте туристер тасқұламаға тап болған.

9 адамнан, соның ішінде екі кинологиялық  топтан құралған жедел топ Алматыдан МИ-171тікұшағымен ұшып кетті», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 30 шілдеде Қырғызстан аумағында Бішкек қаласынан 40 шақырым қашықтықта Скрябин мұздығы ауданында бір топ туристер тасқұламаға тап болған еді. Зардап шегушілердің арасында төрт Қазақстан азаматы бар. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қырғызстандағы тасқұлама кезінде қазақстандықтың мерт болғанын растады.