Шымкентте полиция қызметкерлері базар маңында сауда жасап отырған әжейдің телефонын алып қойған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Оқиға 24 қазанда Шымкенттегі "Қырғы базары" маңында болған. Видеоға полицейлер мен әжейді жақтаған тұрғындар арасындағы жанжал түсірілген. Тұрғындар әжейге белгіленбеген орында сауда жасағаны үшін айыппұл салмақ болған полиция қызметкерлерінің әрекетіне наразы.
"Бүгін Шымкенттегі "Қырғы базарының" кіреберіс жерінде 3-4 келі жаңғақ сатып отырған әжеге екі полицей келіп, заңсыз сауда жасағанына айыппұл салмақшы болыпты. Әжеміз полицейлерден қорқып қалған болуы керек, ұлына хабарласпақшы болғанда телефонын да алып қойған көрінеді", - делінген видео сипаттамасында.