Бестөбе шахтасында тағы бір адам қаза тапты

Бестөбе шахтасында тағы бір адам қаза тапты
Ашық дереккөз

Бестөбе кентінде шахтаға заңсыз түскен тағы бір адам көз жұмды. Полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға бүгін болған.

«Қазір тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, биыл Бестөбе шахталарында бірнеше адам қаза тапқан. Мамырда екі ер адамның үстіне кен құлап, екеуі де көз жұмды. Бұған дейін шахтаға заңсыз түскен Ақтөбе тұрғыны тамаққа қақалып қайтыс болған. Ал наурызда шахтадан күзет қызметкерінің мәйіті табылған.