Өскеменде конденсатор зауытының аумағында өрт шықты

Өскеменде конденсатор зауытының аумағында өрт шықты
ТЖМ

Өскемен қаласы Малдыбаев көшесінде конденсатор зауытының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды ult.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты қойма ғимаратының шатыры жанып жатқаны анықталды.

"Өрт сөндірушілер дереу сөндіру жұмыстарына кірісті. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында өрт 720 шаршы метр аумақта сөндірілді", делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.