“Екінші әйел аламын дедім”: Кәсіпкер әкесінің сөзін еске алып, жылады

“Екінші әйел аламын дедім”: Кәсіпкер әкесінің сөзін еске алып, жылады
Фото-коллаж: видеодан скриншот/ ЖИ арқылы өңделген

Белгілі кәсіпкер Бақтияр Құдайберген отбасылы бола тұра өзге қызға ғашық болып, екінші әйел алуды ойлағанын жасырмады. Ол өміріндегі осы бір қиын кезеңді еске алып, әкесінің айтқан ақылы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды ult.kz.

Кәсіпкер бұл туралы журналист Аман Тасығанның “Talk Like” бағдарламасында айтты. Оның сөзінше, әйелі мен балалары бола тұра, басқа қызға көңілі ауып, тіпті онымен шаңырақ көтеруге бел буған. Сол кезде ол бұл шешімін әкесіне жеткізген.

“Әкеме хабарластым. ‘Әке, мен бір қызға ғашық болып қалдым. Бірақ әйелім, бала-шағам бар. Ресми түрде екінші әйел аламын’, – дедім. Сол кезде әкем ‘Балам, сенің қарындасың бар. Оның күйеуі келіп, екінші әйел аламын десе, мен қалай көнемін?’ – деді. Мен ‘Жоқ, шыдай алмай жатырмын, әлім келмей жатыр’ деп айттым”, – деп еске алды кәсіпкер.

Алайда әкесі ұлының бұл шешімін құптамаған. Керісінше, асығыс қадам жасамауға шақырып, уақыт өте сезімінің басылатынын түсіндіруге тырысқан.

“Әкем ‘Балам, былай қылайық. Мен бұл әңгімені естіген жоқпын, сен де айтқан жоқсың. Уақыт өте тоқтайсың’, – деді. Мен оған тоқтай алмайтынымды айттым. Сонда әкем ‘Мен де жас болдым, мен де қыдырдым. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар. Сенің қаңғып, басқа жақта жүргеніңді білемін ғой. Мен сенің бір күні тоқтағаныңды күтіп жүрмін’, – деді”, – деп кәсіпкер көзіне жас алды.

Бақтияр Құдайберген бұл оқиғаны өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірі деп сипаттады. Оның айтуынша, сол уақытта сезіміне ерік беріп, отбасылық өміріне әсер етуі мүмкін шешім қабылдауға шақ қалған.