Кешеден бері Астанадағы Энергетика министрлігі кеңсесінің алдында түнеп, наразылық білдірген "БерӘлі Маңғыстау Company" кәсіпорны жұмысшыларының өкілдері Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрымұлы үндеу жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Олардың бірі қазір Астанада екенін, бәрі полиция бөлімінен шығарылғанын айтты.
"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Қазіргі таңда Астана қаласындамыз. Бізді РОВД-дан шығарды. Бәрі жақсы.
Иә, Маңғыстау халқы, біз аманбыз, жігіттердің де дені сау. Бұйырса таңертең жігіттердің бәрі пойызбен кетеді. Біз иннициативный группа - бес адам осында қалып, әрі қарай министрлік өкілдерімен, Қазмұнайгаз өкілдерімен шаруаларымызды шешіп, хаттамаларды толтырып, нақты протоколмен жұмыс істейміз. Жаңаөзен халқы, Алла разы болсын, рақмет! Біздер үшін уайымдап, назар аударғандарыңызға. Біз аманбыз! Барлығыңыздан үйлеріңізге тарауды сұраймын! Рақмет!", - дейді Нұрсұлтан Нұрымұлы видеода.
Айта кетейік, тұрақты жұмыс сұрап келіп, Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдында наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшыларды 11 сәуірде кешкісін полиция мен арнайы жасақ күштеп ұстап әкетті.