Атырау қаласындағы мектептердің біріне 11 жастағы 6-сынып оқушысы пышақ алып келген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған қатарластарымен болған келіспеушілік себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық полиция департаменті оқиғаны растады. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
Қазір тиісті органдар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Оқушылар арасындағы ықтимал буллинг белгілері мен баланың эмоционалдық жағдайын бағалау үшін психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізілмек.
Облыстық балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың мәліметінше, мектеп әкімшілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жағдайға қатысы бар оқушылармен профилактикалық жұмыс жүргізу шараларын қолға алған.