Денсалуық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтыру деңгейі қайта үдеген әлем елдерін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз әлемдегі ахуалға әрдайым талдау жасап отырмыз. Талдау барысында Еуропа мен жақын, алыс шетелдерде коронавирустың қайтадан үдегенін атап өтеміз. Кейінгі аптада жұқтыру өсімі Германияда 1, -1,5 пайызға, Украинада 1,9-2,4 пайызға, Ресейде 0,8-1,1 пайызға, Испанияда 0,5-1 пайызға, Францияда 1,8-3 пайызға, Чехияда 1,8-3,7 пайызға, Италияда 0,8-1,3 пайызға дейін артып отыр. ТМД елдерінде ауру өсімі Қазақстанға қарағанда 11 есе жоғары екенін атап өту керек», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша қазір ұжымдық иммунитет қалыптастырудың маңызы зор.
«Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының позициясын атап өткім келеді. Оған сәйкес ауру жаппай вакцинациялауға негізделген халықтың көбінің иммунитетті болған жағдайда тоқтайды. Осылайша вакцина басқаратын иммунитет – инфекцияның алдын алудың негіз іболып қалады. Осыған орай вакцина әзірленбеген қазіргі уақытта карантиндік шараларды сақтап, қолды өңдеп, маска тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтау керек», - деді ол.