25 жел, 2024 сағат 13:20

Ақтау маңында ұшақ құлады: аман қалғандар бар


Фото:  Air Astana телеграм каналы

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ult.kz.

Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Арнайы тергеу жүргізіледі.

 Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ апатынан аман қалғандар бар.

"Ақтаудағы ұшақ құлаған жерге Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техника жетті. Жеткен кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталуда, тірі қалғандар бар деген болжам бар", - деп хабарлады ведомстводағылар.


Azerbaijan Airlines-тің Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. Baza айтуынша, апатқа ұшыраған ұшақтың бортында 67 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған.