Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Төреғали Төреәлінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті

Төреғали Төреәлінің отбасылық видеосы көпшілікті сүйсінтті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі ұлдарымен бірге далада қазан асып, ет дайындаған сәтін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында отбасымен өткізген ерекше сәтінің видеосын жариялады. Әнші ұлдарын қасына ертіп, отын жарып, ошақ жағып, ұлттық тағам әзірлеуге кіріскен.

Ол балаларына да міндет жүктеп, оларды ас дайындауға жұмылдырған.

“Біз бүгін өз шаңырағымызда, бұйырса, қазақтың ұлттық тағамы – бешбармақ дайындайтын боламыз. Оң жағымда Төренұр, сол жағымда көмекшім Төремұхаммедәли. Бүгін отын жағып, далада қазан қайнатып, ет салатын боламыз”, – деді әнші.

Өнер иесінің ұлдарын жастайынан еңбекке баулып, ұлттық дәстүрді үйретіп жүргені оқырмандарының көңілінен шықты.

“Осындай ұл-қыз жұғысты болсын”, “Керемет отбасы”, “Қандай керемет тәрбие”, – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева 23 жылдық жауапсыз махаббатын айтты. 

Төреғали Төреәлі кім? 
 

Төреғали Төреәлі – қазақстандық эстрада әншісі, айтыскер ақын, актер. 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген.

Өнер жолын айтыстан бастаған. Бірнеше республикалық айтыстың жүлдегері атанған. Кейін эстрадаға бет бұрып, “Отанды сүю – иманнан” әнімен көпшілікке танылды.

Халық арасында “Ұлы дала баласы” деген атпен белгілі. “Алло”, “Бол жанымда”, “Бір түрлі қыз”, “Қайдасың” сынды әндері арқылы тыңдарманның ықыласына бөленген.

Жұбайы – Толқын Тұрарбекова. Өнер иесі отбасылық өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты сәттерді әлеуметтік желіде жиі жариялап тұрады.