Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Барлық әндерім соған арналған”: Меруерт Түсіпбаева 23 жылдық жауапсыз махаббатын айтты

“Барлық әндерім соған арналған”: Меруерт Түсіпбаева 23 жылдық жауапсыз махаббатын айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева көпшілікке беймәлім махаббат хикаясымен бөлісіп, жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында 23 жылдан бері бір адамды сүйіп келе жатқанын жеткізді. Алайда әншінің сезімі осы уақытқа дейін жауапсыз қалған.

Түсіпбаеваның айтуынша, репертуарындағы көптеген әні жүрегінен ерекше орын алған сол жанға арналған. Осылайша, әнші жылдар бойы көңілінде жүрген сезімін өнері арқылы жеткізіп келгенін аңғартты.

Сондай-ақ ол оқырмандарына махаббат тақырыбындағы өлең жолдарын ұсынып, шынайы сезім үшін күресуге, үмітін үзбеуге шақырды.

Әншінің жан сырын ақтарған жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары өнер иесіне жылы лебіздерін білдіріп, махаббатының жауапсыз қалмауын тілеген.

Мерует Түсіпбаева кім? 
 

Меруерт Балғабайқызы Түсіпбаева – қазақстандық эстрада әншісі, театр және кино актрисасы, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

1971 жылы 6 тамызда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1995 жылы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясын музыкалық театр актері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында бастаған. 1996 жылы “Қимай сені барамын” әнімен көпшілікке кеңінен танылды. Әнге түсірілген бейнебаян “Алтын жұлдыз” байқауында үздік үштікке енген.

2009 жылдан бастап ұстаздық қызметпен де айналысып, жас өнерпаздарға дәріс берген. 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды.