Ақтөбеде қоғамда қызу талқыға түскен жылқышы Рахат Сәрсеновтің ісіне қатысты шаруа қожалығының иесі Тәжіғали Елеуов тағы да мәлімдеме жасады. Ол әлеуметтік желіде тараған пікірлерге жауап беріп, оқиғаға қатысты өз нұсқасын баяндады, деп хабарлайды ult.kz.
Тәжіғали Елеуов жұмысшысына 150 иың ақы төлеуін түсіндірді.
“150 мың айлық па дейді. Оның 20 ірі қара малы бар. Менің мойнымда олардың жем-шөбі бар. 20 малы менің малыммен бірге жайылады. Ол малшының ақысвн мен өзім төлеймін. Алдын осылай айлығымызды көтер деген. Кейін мен жем-шөптеріңнің ақшасын өздерің төлеңдер дедім. Олар осы айлыққа өмір сүре беретінін айтты” , - дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, Тәжіғали Елеуов бұл мәселеге қатысты бұған дейін де түсініктеме берген. Ол әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпараттың біржақты екенін айтып, оқиғаның мән-жайын өз тарапынан түсіндіруге тырысқан.
Ал Рахат Сәрсеновтің еңбек жағдайына қатысты қоғамда түрлі пікір қалыптасып, оқиғаға байланысты кәсіпкердің әрекеті мен жұмысшыға төленетін ақы мәселесі қызу талқыланған.