Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін ем қабылдап жүрген Ақбаян Мұқанғалиеваның қазіргі жағдайы белгілі болды. Жаңа мәліметті журналист Жанат Молдашова жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Журналистің айтуынша, Ақбаянның үйіне шыққаны туралы ақпаратты оның туыстары бұған дейін білген. Алайда жақындары бұл жаңалықты әзірге жария етпеуді сұраған.
Кейін Ақбаянды бауырлары балаларының жанына алып барған. Бұған оның балаларын жиі сұрап, сағынғанын айтуы себеп болған.
«Балаларым қайда? Сағындым» деп жиі сұраған. Бәрін де танып тұр дейді. Бірақ әлі ем алуы керек. Нақты диагнозы белгісіз», – деп жазды Жанат Молдашова.
Журналистің мәліметінше, Ақбаянның денсаулығы толық тұрақталып, жағдайы жақсарса, балаларын өз қамқорлығына беру мәселесі қарастырылуы мүмкін. Алайда бұл шешімді білім бөлімі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
Сонымен қатар Ақбаянға ата-анасы мен бауырларының қайтыс болғаны әзірге айтылмаған.
«Туыстары Ақбаянға ата-анасы мен бауырларының жоқтығын әлі айтпаған. Ең ауыры осы», – деді журналист.