Freedom Inside '26

«Жоқ жерді сатқан»: Ақтөбеде арзан жер телімін уәде еткен күдікті ұсталды

«Жоқ жерді сатқан»: Ақтөбеде арзан жер телімін уәде еткен күдікті ұсталды
pexels

Ақтөбе облысында жер телімдерін төмен бағамен алып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның әрекетінен келген шығын көлемі 5 миллион теңгеден асқан, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полицияға Мәртөк ауданының тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, күдікті облыс орталығынан тиімді бағамен жер телімін рәсімдеп беруге уәде етіп, ақша алған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары 37 жастағы ер адамды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Тексеру кезінде күдіктінің өз атында жер телімдері болмағаны және оларды сатуға ешқандай құқығы жоқ екені белгілі болды. Соған қарамастан ол азаматтардың сеніміне кіріп, қолжетімді бағамен жер сататынын айтып, ақша алған. Кейін уәдесін орындамаған.

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы болуы мүмкін екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 5 миллион теңгеден асады.

Аталған факті бойынша "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.