4 қарашаға арналған ауа райы болжамы

4 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

4 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда батыс өңірлерде циклонның әсерінен жаңбыр жауып, кей жерлерде күшейеді. «Қазгидромет» болжамынша, ел аумағында түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада күн ала бұлтты болып, жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы 2–4 градус аязға дейін төмендесе, күндіз 5–7 градус жылы болады. Оңтүстік бағыттан секундына 2–7 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Алматыда да жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы 4–6 градус, күндіз 16–18 градус жылы болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. 

Шымкентте күндіз жаңбыр жауады. Соған қарамастан, күн жылы болып, ауа температурасы 18–20 градусқа дейін көтеріледі. Түнде 5–7 градус жылы болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Батыс өңірлерде 4–5 қарашада жауын-шашынның көбеюімен бірге күндізгі температура біртіндеп төмендейді. Осы кезеңде батыста ауа температурасы 13–21 градустан 6–19 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 13–18 градустан 10–15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Қалған аумақта температураның айтарлықтай өзгеруі болжанбайды.