Жаңбыр мен қар жауады: 3 қарашаға елімізде ауа райы қандай?

Жаңбыр мен қар жауады: 3 қарашаға елімізде ауа райы қандай?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда солтүстік, шығыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды ult.kz.

Түнде еліміздің шығысындағы таулы аудандарда қалың қар жаууы мүмкін.

Республиканың солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы, Қызылорда облыстарында және Жетісу облысында ауа температурасы -1...-7 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа райы:

Астана: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4 °C, күндіз +5...+7 °C.
Алматы: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5 °C, күндіз +16...+18 °C.