Шымкентте 22 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, мерт болды

Шымкентте 22 жастағы жігіт көпқабатты үйден құлап, мерт болды
Фото: freepik

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан 22 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды ult.kz.

Бейнежазбада оқиғаның Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы тұрғын үй кешенінде болғаны айтылады. Кадрлардан оқиға орнына полиция қызметкерлерінің келгенін көруге болады.

Осы жағдайға байланысты Шымкент қалалық полиция департаменті түсініктеме берді.

Ведомствоның хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қарашада «БИИК» тұрғын үй кешенінде болған. 22 жастағы ер адам биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы өзге ақпарат жария етілмейді.