Қарағандыда зират аумағынан темір қоршау ұрлаған күдікті ұсталды. Полицейлер ұрланған мүлікті тауып, 67 жастағы зейнеткерге қайтарды, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, оқиға 28 қазанда болған. Қала тұрғыны туысының зиратына барғанда қабір басындағы темір қоршаудың жоғалғанын байқап, полицияға арызданған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Киров полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол 30 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шықты.
Ұрланған темір қоршау табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің өңірдегі өзге зираттарда жасалған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.