Бүгінгі валюта бағамы қанша болды?

Бүгінгі валюта бағамы қанша болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстан Ұлттық банкі 2026 жылғы 3 қарашаға арналған ресми валюта бағамын жариялады. Бір АҚШ долларының бағамы 453,64 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Еуроның ресми бағамы 508,17 теңгені құрады. Ресей рублі 5,59 теңге, ал Қытай юані 68,23 теңге деңгейінде бекітілді. 

Ақша айырбастау орындарында валютаның сатып алу және сату бағасы ресми бағамнан өзгеше. Бүгін жарияланған мәлімет бойынша, Астанада доллар орта есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 457,01 теңгеден сатылып жатыр. Алматыда бұл көрсеткіштер тиісінше 452,26 және 454,23 теңге болса, Шымкентте 452,09 және 454,42 теңгені құрады. Бағам күн ішінде өзгеруі мүмкін. 

Бүгінгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) доллардың орташа сараланған бағамы 453,26 теңгені құрады. Бұл 3 қарашаға белгіленген ресми бағамнан 38 тиынға төмен.