Алматыда 27 ғимарат пен қалалық нысанның тарихи, сәулеттік және мәдени құндылығы тексеріледі. Олардың қатарында ҚазҰУ ректораты, Орталық әмбебап дүкеннің (ЦУМ) ескі корпусы, «Атакент» көрме орталығының кіреберіс аркасы мен Республика алаңы бар. Мамандар аталған нысандардың қайсысына тарихи ескерткіш мәртебесін беру керектігін анықтайды, деп хабарлайды ult.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше, алғашқы кезеңде зерттеуге 27 нысан іріктелген. Олардың қатарында:
Satbayev University-дің бас оқу корпусы;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректораты;
Ұлттық банк ғимараты;
Абылай хан даңғылындағы бұрынғы Кеңестер үйі;
Орталық мәдениет және демалыс саябағының аркасы;
Орталық әмбебап дүкеннің (ЦУМ) ескі корпусы;
Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі;
Геологиялық ғылымдар институты;
Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы;
Киров атындағы зауыттың тұрғын үйлері;
Нұрғиса Тілендиев пен Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық музейлері;
«Атакент» көрме орталығының кіреберіс аркасы;
Республика алаңы.
Арнайы комиссия әр нысанның техникалық жай-күйін, тарихи және сәулеттік ерекшеліктерін зерделейді. Зерттеу қорытындысы бойынша олардың қайсысын жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне енгізуге ұсыну керектігі шешіледі.