«Чехияға жұмысқа жіберемін» деген: 100-ден астам адам алданып қалды

«Чехияға жұмысқа жіберемін» деген: 100-ден астам адам алданып қалды
Pexels.com

Астанада Чехиядан жоғары жалақы төленетін жұмыс тауып беруге уәде етіп, азаматтарды алдады деген күдікпен ер адам ұсталды. Тергеу мәліметінше, оның әрекетінен 100-ден астам адам зардап шеккен, деп хабарлайды ult.kz.

Polisia.kz мәліметінше, күдікті әлеуметтік желілерде Чехиядағы жұмыс орындары туралы хабарландыру жариялап, азаматтарға виза рәсімдеуге, құжаттарын дайындауға және жұмыс берушімен келіссөз жүргізуге көмектесетінін айтқан.

Алайда ол алдын ала төлем алғанымен, уәдесін орындамаған. Жәбірленушілердің бірі күдіктіге 800 мың теңге берген.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция өзге де жәбірленушілерді анықтап, келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр. Күдікті қамауға алынған.