Қазақстанда телеарналар мен радио 14 сағатқа хабар таратпайды

Қазақстанда телеарналар мен радио 14 сағатқа хабар таратпайды
ашық дереккөз

4 қарашада Қазақстан бойынша телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады. Жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты үзіліс 14 сағатқа созылады. Бұл туралы «Қазтелерадио» компаниясы хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Техникалық жұмыстар бүкіл ел аумағындағы спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерін қамтиды.

Осыған байланысты хабар тарату Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін тоқтатылады.

Компанияның мәліметінше, профилактикалық жұмыстар телерадио желілерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және техникалық жабдықтарды тексеру мақсатында жүргізіледі.