Škoda мамандары қысқы жолға дайындықтың құпияларымен бөлісті

Škoda мамандары қысқы жолға дайындықтың құпияларымен бөлісті

Қазақстанда қыс мезгілі әр өңірде әртүрлі басталады. Ел аумағының үлкендігі мен климаттық жағдайлардың алуан түрлілігіне байланысты кейбір аймақтарда тұрақты аяз бен қар қараша айының басында түссе, басқа өңірлерде алғашқы үсік тек желтоқсанда басталуы мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл кезеңде көліктің техникалық дайындығы ғана емес, жүргізушінің дағдылары да ерекше маңызды. Өңірге қарамастан, күзден қысқа ауысатын кезеңде көлік жүргізушілері барынша мұқият болуы керек. Күзгі жаңбыр бірнеше сағат ішінде сулы қарға ұласуы мүмкін, түнгі үсік ылғалды асфальтты көктайғаққа айналдырады, ал қалың жауын-шашын жолдағы көріністі айтарлықтай шектейді.

Мұндай жағдайда екі маңызды мәселе бар: көліктің техникалық дайындығы және жүргізушінің дұрыс әрекеті. Қолайсыз ауа райында рөлде өзіңізді сенімді сезінуге көмектесетін практикалық кеңестерді жинақтадық.

Көлік тайған кезде не істеу керек, алдыңғы жетекті және толық жетекті көліктерді басқарудың айырмашылығы қандай, шиналарды қашан ауыстыру қажет және көлікті қатты аязға қалай дайындау керек деген сұрақтарға Андрей Амелин мен Анатолий Смирнов жауап береді.

Қолайсыз жағдайда көлікті қалай басқару керек?

Андрей Амелин – қазақстандық автокөлік жарысының қатысушысы, спорт шеберлігіне үміткер, 2010–2011 жылдардағы «Самұрық» раллиінің чемпионы, Қазақстанның автокросс бойынша вице-чемпионы. Оның спорттық мансабында ұлттық ралли жарыстарына қатысу және басқа да жүлделі нәтижелер бар. Алда Андрейді 2027 жылғы Dakar раллиіне қатысу күтіп тұр.

Алдыңғы жетекті немесе толық жетекті көлік: қыста олардың айырмашылығы қандай?

Толық жетекті көліктің тайғақ жолда орнынан қозғалу және жылдамдықты арттыру кезінде артықшылығы бар. Айналу моменті екі оське бөлінетіндіктен, көлік қар немесе мұз үстінде тарту күшін тиімді пайдаланып, қозғалысты жеңіл бастайды.

Алдыңғы жетекті көлік те қыс мезгілінде пайдалануға әбден қолайлы әрі қауіпсіз нұсқа саналады. Әсіресе біздің климаттық жағдайымызда мұндай көлікті пайдалануға болады. Ең бастысы – жылдамдықты күрт арттырмау және жетекші дөңгелектердің жолмен ілінісуін жоғалтуына себеп болатын әрекеттерден аулақ болу.

Škoda модельдік қатарында мұндай жағдайларға арналған әртүрлі көлік нұсқалары бар. Модельдік қатардың барлық көліктерінде Haldex муфтасы арқылы іске асырылатын толық жетекті модификациялар қарастырылған. Сондай-ақ Octavia және Superb лифтбектері, сондай-ақ Karoq қалалық кроссовері алдыңғы жетекті нұсқада да шығарылады.

Практикалық кеңес: егер көлігіңіз толық жетекті болса, мұны басқа жүргізушілерден жылдам жүруге берілген мүмкіндік деп қабылдамаңыз. Қосымша тарту күші қозғалысты бастауға көмектеседі, бірақ бұрылыс алдында жылдамдықты алдын ала төмендету қажеттілігін жоймайды.

Көлік тайған кезде не істеу керек?

Ең алдымен, үрейленбеу керек. Рөлді күрт бұру, тежегішті бар күшпен басу немесе жылдамдықты кенет арттыру жағдайды одан әрі қиындатуы мүмкін.

Егер көлік тайып бара жатса, мына әрекеттерді орындау қажет:

•⁠  ⁠Кедергіге емес, қозғалысты жалғастырғыңыз келетін бағытқа қараңыз.
•⁠  ⁠Газ педалін біртіндеп босатыңыз.
•⁠  ⁠Рөлді күрт қозғалтпай, көліктің артқы бөлігі сырғанаған бағытқа қарай бұрыңыз.
•⁠  ⁠Педальдар мен рөлді күрт қозғалтпаңыз.
•⁠  ⁠Көлік тұрақтылығын қалпына келтіргеннен кейін қозғалысты біртіндеп жалғастырыңыз.

Көліктің тайып кетуіне жол бермеудің ең сенімді жолы – жылдамдықты алдын ала төмендетіп, күрт маневр жасамау.

Қатты қар жауған кезде қалай қауіпсіз жүру керек?

Ең алдымен, жылдамдықты жолдағы көріну деңгейіне қарай реттеу қажет. Жол белгілерінде рұқсат етілген жылдамдық жоғары болғанымен, ауа райы жағдайына байланысты әлдеқайда баяу жүруге тура келуі мүмкін.

Мына ережелерді ұстануға кеңес беремін:

•⁠  ⁠Алдыңыздағы көлікпен арақашықтықты ұлғайтыңыз.
•⁠  ⁠Жолақтарды күрт ауыстырудан және басып озудан аулақ болыңыз.
•⁠  ⁠Жақын жарықты қосыңыз, қажет болған жағдайда көліктің құрылымында қарастырылған тұманға қарсы шамдарды пайдаланыңыз.
•⁠  ⁠Жолға шығар алдында көліктің әйнектерін, айналарын, шамдарын және төбесін қардан толық тазалаңыз.
•⁠  ⁠Алдыңғы көліктердің дөңгелегімен пайда болған ізге ғана сенбеңіз: қардың астында мұз жатуы мүмкін.

Әсіресе көпірлерде, эстакадаларда және ашық жол учаскелерінде мұқият болу қажет. Мұндай жерлерде жол жабыны әдеттегі жолдарға қарағанда жылдамырақ қатуы мүмкін.

Қатты жаңбыр және аквапландау

Аквапландау шинаның және жол жабынының арасында су қабаты пайда болған кезде туындайды. Соның салдарынан дөңгелек асфальтпен ілінісуін ішінара немесе толығымен жоғалтады. Мұндай жағдайда жүргізуші көліктің рөлге бағынбай қалғанын сезуі мүмкін.

Жылдамдық жоғары болғанда, шинаның протекторы тозғанда және жолда су көп жиналғанда аквапландау қаупі артады.

Оның алдын алу үшін:

•⁠  ⁠Жолда су көп жиналған учаскелерге жақындағанда жылдамдықты алдын ала төмендетіңіз.
•⁠  ⁠Алдыңыздағы көлікпен арақашықтықты ұлғайтыңыз.
•⁠  ⁠Жолақтарды күрт ауыстырудан және тежегішті кенет басудан аулақ болыңыз.
•⁠  ⁠Шиналардың протекторы мен ондағы ауа қысымын бақылаңыз.

Егер көлік су үстінде сырғи бастаса, газ педалін біртіндеп босатып, рөлді қозғалыс бағытына қарай ұстап, тежегішті күрт баспау маңызды. Шиналар жолмен қайта ілініскенше қозғалыс бағытын күрт өзгертуге тырыспаңыз.

Басты ереже: егер жолдағы судың тереңдігін бағалау мүмкін болмаса, басқа бағытты таңдаған дұрыс.

Көктайғақ: жылдам әрекеттен гөрі қозғалыстың бірқалыптылығы маңызды

Тайғақ жолда барлық әрекет барынша бірқалыпты болуы керек. Тежегішті бұрылыс кезінде емес, оған дейін алдын ала басқан дұрыс.

Егер көлік ABS жүйесімен жабдықталған болса, шұғыл тежеу кезінде тежегіш педалін сенімді әрі үздіксіз басу қажет. ABS жүйесінің жұмысын педальды қайта-қайта басу арқылы қайталауға тырыспаған жөн.

Тағы бір кеңес: тежегішті күрт басу немесе рөлді бұру арқылы жолмен ілінісу деңгейін тексерудің қажеті жоқ. Жүргізуші көліктің жолмен ілінісу шегін қозғалыс барысында сынамай, жағдайды алдын ала бағалауы керек.

Қысқы шиналарды қашан ауыстыру керек?

Қысқы шиналарды тек алғашқы қар түскеннен кейін ғана орнату керек деген пікір кең таралған. Бұл қаншалықты дұрыс?

Тек қарға қарап шешім қабылдауға болмайды. Жазғы шиналар басқа температуралық жағдайларға арналған, ал ауа райы суытқанда олардың резеңке қоспасы тиімділігін жоғалтады.

Практикалық бағдар ретінде көбіне тәуліктік орташа температураның +7 °C шамасында болуы алынады. Температура осы көрсеткішке тұрақты түрде жақындағанда қысқы шиналарға ауысуды ойластырған жөн.

Қазақстанда заңнама талаптарын да ескеру қажет: қысқы шиналарды 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында пайдалану міндетті.

Көлікті суық маусымға қалай дайындау керек?

Рөлде дұрыс әрекет ету – дайындықтың жартысы ғана. Тіпті ең тәжірибелі жүргізуші де көліктің техникалық жағдайына тәуелді. Сондықтан суық ауа райы басталмай тұрып, қысқы пайдалануға әсер етуі мүмкін негізгі жүйелерді тексеріп, көлікті алдын ала дайындаған жөн.

Қызмет көрсетуге қатысты дайындық пен күнделікті сапарларға арналған пайдалы шешімдер туралы Škoda Qazaqstan компаниясының сатудан кейінгі қызмет көрсету департаментінің директоры Анатолий Смирнов айтып береді.

Қыс басталмай тұрып нені міндетті түрде тексеру керек?

Ең алдымен, аккумулятор батареясы мен қуаттау жүйесін тексеру қажет. Төмен температура кезінде аккумуляторға қозғалтқышты іске қосу үшін қажетті токты беру қиындайды. Сондықтан жазда ешқандай ақаусыз жұмыс істеген батарея қыс мезгілінде жеткілікті тиімді болмауы мүмкін.

Сонымен қатар мына мәселелерді тексеру маңызды:

•⁠  ⁠Қысқы шиналардың жағдайын, протектор тереңдігін және ондағы ауа қысымын;
•⁠  ⁠Тежегіш қалыптарын, дискілерді және тежегіш жүйесінің жұмысын;
•⁠  ⁠Әйнек тазалағыш щеткалардың жағдайын;
•⁠  ⁠Жылыту жүйесі мен әйнектерді үрлеу жүйесінің жұмысын;
•⁠  ⁠Салқындатқыш сұйықтықтың жағдайы мен қату температурасын;
•⁠  ⁠Қозғалтқыш майының деңгейі мен өндіруші ұсынымдарына сәйкестігін;
•⁠  ⁠Жарықтандыру құралдары мен фаралардың реттелуін;
•⁠  ⁠Есіктер мен жүк салғыш бөлігінің тығыздағыштарының жағдайын.

Әйнек жуатын сұйықтыққа да ерекше назар аудару қажет. Жазғы сұйықтықты ауыстырып, өңірдегі күтілетін температураға арналған қысқы құрамды құю керек.

Суық маусымда көлікте қандай заттарды үнемі алып жүрген жөн?

Бірінші кезекте қар тазалайтын щетка, мұз қырғыш, қысқы әйнек жуатын сұйықтық, қолғап, қолшам және автокөлік дәрі қобдишасы болуы керек. Алыс сапарларға шыққанда оталдыру сымдарын немесе үйлесімді іске қосу құрылғысын, апаттық тоқтау белгісін, жарық шағылыстыратын кеудешені және жылы киімді алып жүрген пайдалы.

Егер қала сыртында жиі жүрсеңіз, жүк салғышқа шағын күрек, сүйреу тросын, ауызсу мен жылы көрпе салып қойған жөн.

Екінші санатқа жайлылыққа арналған заттар жатады. Термос, жолға арналған органайзер, көрпе және ауыстыратын киім қар жаууына немесе жолдағы шектеулерге байланысты сапар ұзаққа созылған жағдайда қажет болуы мүмкін.

Мұндай шешімдердің бір бөлігі Škoda көліктеріндегі Simply Clever жүйесінде қарастырылған. Бұл – еуропалық бренд инженерлері жүргізуші мен жолаушыларға арнап әзірлеген, күнделікті көлік пайдалануды және алыс сапарларды барынша ыңғайлы етуге бағытталған фирмалық ерекшеліктердің бірі. Олардың басты артықшылығы – қарапайымдылығы, практикалығы және қажет болған сәтте қолжетімді болуы.

Мысалы, жанармай багының қақпағына орнатылған мұз қырғыш, заттарды сақтауға арналған ыңғайлы бөлімдер, жүк салғыштағы ілмектер мен бекіткіштер. Осындай шағын бөлшектер әр сапарды жайлы ете түседі.

Қосымша жүксалғыш, фирмалық жылы киім және дәстүрлі түрде жоғары сапасымен ерекшеленетін Еуропада өндірілген өзге де аксессуарларды Škoda компаниясының барлық ресми дилерлік орталықтарынан сатып алуға болады. Түпнұсқа аксессуарлар нақты модельдер мен олардың құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып жасалады. Сондықтан оларды таңдау кезінде ресми дилерден үйлесімділігін нақтылаған жөн.

Көлікті қардан қалай дұрыс тазалау керек?

Ең бастысы – тиісті құралдарды пайдалану. Көлік шанағын тазалау үшін жұмсақ щетканы, ал әйнектерді тазалау үшін арнайы қырғышты таңдаған дұрыс.

Металл заттарды, қатты щеткаларды қолдануға немесе көлік шанағындағы мұзды күшпен түсіруге болмайды. Қардың астында құм мен ұсақ кір бөлшектері болуы мүмкін. Олар үйкеліс кезінде көлік шанағында сызат қалдыруы ықтимал. Айта кетейік, Škoda көліктерінің лак-бояу жабынына берілетін кепілдік мерзімі – үш жыл.

Қысқы пайдалану барлық жүргізушіге арналған бір ғана әмбебап көлік бар дегенді білдірмейді. Біреулер күн сайын қала ішінде жүреді, енді біреулер өңірлер арасында жиі қатынайды, ал кейбіреулер үшін көлік – ең алдымен, бүкіл отбасымен саяхаттауға мүмкіндік беретін құрал.

Škoda модельдік қатарында әртүрлі қажеттілікке арналған көліктер бар

Škoda Kodiaq – отбасылық сапарлар мен алыс бағыттарға арналған кең SUV. Бұл модель еліміздегі еуропалық брендтің ең көп сатылатын көлігіне айналды.

Škoda Karoq – қалалық пайдалануға ыңғайлылық пен қала сыртындағы сапарларға арналған мүмкіндіктерді үйлестіретін ықшам SUV. Жабдықталуына қарай толық жетекті нұсқасы да қолжетімді.

Škoda Superb – ұзақ қашықтықты жиі жүріп өтетін адамдарға арналған көлік. Кең салоны, жайлылығы мен ойластырылған эргономикасы ұзақ сапарларда ерекше маңызды. Бұл модельдің де толық жетекті модификациялары бар, бұл қысқы маусымда үлкен артықшылық саналады.

Škoda Octavia – күнделікті бағыттарға, қала ішіндегі қозғалысқа және тасжолдағы сапарларға арналған әмбебап нұсқа. Практикалығы мен кең жүк салғышы оны жылдың кез келген мезгілінде ыңғайлы көлік етеді. Octavia да толық жетекті жүйемен жабдықталуы мүмкін, бұл оны өз класындағы бірегей нұсқаға айналдырады.

Сонымен қатар Қазақстандағы Škoda дистрибьюторы модельдік қатардың барлық көлігіне қолданыстағы арнайы ұсыныстар бар екенін еске салады.

Қазақстандағы барлық ресми Škoda дилерлік орталықтарында «Честный Европеец» ұсынысы қолданылады. Оның аясында Kodiaq көлігінің Selection жинақтамасы 16 990 000 теңге, ал SportLine жинақтамасы 18 690 000 теңге тұрады.

Екі литрлік қозғалтқышы бар Octavia және Škoda Karoq қалалық кроссоверінің модификацияларын «Процент как в Европе» бағдарламасы бойынша жылдық 0,1% мөлшерлемемен, үш жыл мерзімге сатып алуға болады.

Еуропалық брендтің флагманы Škoda Superb те үш миллион теңге көлеміндегі жеңілдікпен қолжетімді.